Қордай ауданына қарасты барлық мешіттердің қысқа дайындығы пысықталды. Бүгін өңірдің бас имамы Даурен Нұржанұлы Алла үйлерінің хал-ахуалын көріп, қысқа дайындықтарымен танысып қайтты.
Ауданға қарасты барлық ауылды аралаған имам мешіттердің ішкі-сыртқы тазалықтарын тексеріп, имам-молдаларына бір қатар тапсырмалар мен ескертулер берді. Алдағы уақытта да Алланың үйлерін таза ұстауларын міндеттеді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі