Дәстүрлі хиджаб киім үлгілері жасалды

Дәстүрлі хиджаб киім үлгілері жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құранда: «Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмин әйелдерге айт: Үстеріне бүркеншектерін орансын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла аса Жарылқаушы, тым мейірімді» («Ахзап» сүресі, 59-аят) деп ашық баяндаған. Мұсылмандықты ұстанатын әр ұлт өзіне сай, шариғат талаптарын қамтитын киімдер ойлап тапқаны тарихтан белгілі. Дегенмен, заман дамып, ұлттық киімдер тек мерекеде киетін сәнге айналды. Дәстүрді жаңғырту мақсатында ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторы ұлттық нақыштағы, оюланған, қазақы дәстүрді паш етер күнделікті киім үлгілерін жасады. 

Бүгін аталған ұлттық киімдерді таныстыру үшін "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысының әйел-қыздар секторының жиыны өтті.

"Күніміздегі мұсылман әйелдің дәстүрлі киімі" атты шарада бірнеше эскиздер көрсетіліп, нәзік жандылар арасында талқыланды. "Шариғатқа қаншалықты сай, дәстүрмен сабақтастығы қандай?" деген сауалдар бойынша қаралып, сектор жетекшісі Гүлжан Серікқызы шариғат шәлісінің дініміздегі орны жайлы насихат айтты. 

Айта кетейік, мұндай стилдегі киімдер орамалды қыздарға қатты ұнайды. Бүгінгі жиында жасалған үлгіге ұқсас дәстүрлі мұсылман киімдері сатылымға шықса, қыздар қуана-қуана алатындарын жасырмады. Үлгі арасында спорттық киімдер де болған болатын.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: