Жамбыл облысында 2 мешіт күрделі жөндеуден өтті

Жамбыл облысында 2 мешіт күрделі жөндеуден өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биыл 30 жылдық мерейтойы. Осыған орай, діни басқарма 30 игі шара бағдарламасын жасап, жоба аясында еліміз бойынша көптеген игіліктер атқарылды. Баспанасыздар үйлі болып, құдықтар қазылып, көпірлер төселіп, ағаштар егіліп, мешіттер көркейіп, тағысын тағы ауыз толтырып айтарлық жемісті істер мол. 

Осындай мақсаттың бірі - көне, ескі мешіттерге күрделі жөндеу жұмыстарын жасау болатын. Жоба негізінде Жамбыл облысына қарасты Шу ауданы Шоқпар ауылдық "Шоқпар" мешіті мен Т.Рысқұлов ауданы Алғабас ауылдық "Алғабас" мешітінің ажары кірді. 

Қос мешітке толықтай жаңарту жасалып, ауданның ең шырайлы да рухани ғимараты бұрынғыдан да нұрлана түсті. Ендігісі, ауыл тұрғындары карантин аяқталып, жамағатпен жұмада бас қосуға асық. Алла сол күндерді жақындата түссін! 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: