Жамбыл ауданында мешіттердің қысқа дайындығы пысықталды. Ауданның бас имамы Ғарифулла Қуанышбекұлы өңірге қарасты барлық ауылдарды аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Ғимараттың іші-сыртын, тазалығын, жылу жүйесі, құжаттарын қарап, алдағы маусымға қатысты мәселелерді көтерді.
Имам аралаған ауылдардың ішінде аудан бойынша өткен жобада "Үлгілі ауыл" атағын жеңіп алған Ащыбұлақ та бар.
Мұнда аталған жоба аясында кездесу өтіп, аудан әкімінің орынбасары О.Баққараев, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев, Жамбыл облыстық қоғам кеңестің мүшесі М.Берік пен аудан имамы Ғарифулла Кенжебеков бастаған арнайы комиссия тобы ауылдың хал-ахуалын бақылап, мәселелерін талқылаған болатын.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі