Екі бірдей мешітте қайырымдылық шарасы өтті

Екі бірдей мешітте қайырымдылық шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында қос бірдей мешітте қайырымдылық шарасы жасалды. Атап айтқанда, «Әбу Бәкір әс-Сыддық» мешіті мен «Әзіреті Әли» мешіті.

Қайырымдылық Тараз қаласы тұрғындарынан карантиндік режимге байланысты әлеуметтік жағдайы төмендеген 21 отбасыға азық-түлік таратылуымен қатар, жетімдер үйіндегі бозбалаларға тәттілер мен ойыншықтар сыйға берілді.

Іс-шара барысында «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы "садақа беру - сауапты іс" екендігі жайында уағыз-насихат айтты.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: