"18 қазан - Рухани келісім күні" ретінде еліміздің атаулы күндерінің қатарына қосылды. Бұл күнді ерекше атап өтудегі мақсат - еліміздегі 18 конфессия мен түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштық орнату.
Осы күнге орайластырып, Мойынқұм ауданында өзге ұлт өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Шарада аудан имамы Еспенбетов Рысбай сөз сөйлеп: "Барынша ел мен діни тыныштықты сақтау, алауыздыққа жол бермеу, береке мен байлық - ауыз біршілікте, ол үшін келер ұрпаққа тәлім тәрбиені бесіктен бастау керек" - деп айтып өтті.
Ауыл тұрғындары да сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді сөз соңында аудан имамы болашақта көп ұлтты еліміз үшін бұл рухани келісімнің пайдасы орасаң екендігін атап өтті.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі