Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Амантай Садиев және осы мешіттің наиб имамы Алтынбек Хусайнов Тараз қаласында орналасқан «Ауыл береке» базарының намазханасында ғибадатын жасауға келетін азаматтармен жүздесті.
«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасында өткізілген кездесуде сұхбат жасалып, жиын барысында ұлы имам Әбу Ханифаның мәзхабын ұстану - бүгінгі күнде қаншалықты қажетті екендігін айтып өтті. Шараға 40-50 шақты кісі қатысты.
Көпшілік көкейкесті сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар ала алады.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі