Біргеміз- берік іргеміз!

Біргеміз- берік іргеміз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рухани келісім күніне орай, елдің тыныштығы және халықтың қамы үшін  Дін істері департаментінің ұйымдастыруымен «Біргеміз - берік іргеміз!» атты кездесу болып өтті.

Кездесуге қаладағы барлық ұлт өкілдері және дін қызметкерлері қатысты. Осы жиын барысында әр ұлт өкілдері елдің амандығы мен халықтың тыныштығы үшін сөз сөйлеп, бір-бірін амандық пен саулыққа шақырды. Шараға арнайы шақырумен келген Тараз қаласының бас имамы Садиев Амантай халықтың берекесі, елдің тыныштығы үшін әр адам өзінің үлесін қосуы керектігін түсіндірді.

Осы жиында Тараз қаласында қызмет етіп жүрген қос бірдей имам облыс халқының рухани құндылықтарының дамуына және конфессияаралық келісімнің нығаюына қосқан елеулі үлесі үшін Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасынан алғыс хатпен марапатталды.

Қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: