Облыстың рухани жүрегі болған көк күмбезді "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек Жамбыл ауданына жоспарлы іс-сапармен барды. Дін маманы өңірдің діни хал-ахуалын бақылап, ауыл мешіттерін аралады.
Ауданға тексеріс жүргізу мақсатында келген Ғалымбек Төлегенұлы мешіттердің тазалығына, ішкі тәртібіне, құжаттарына, антисептиктердің бар-жоқтығын, карантин талаптарына сайлығын қарады. Ауыл мешіттеріне арнайы барып, имам-молдаларымен кездесті. Сапар барысында облыстан келген маманмен аудан имамы Ғарифулла Қуанышбекұлы бірге жүріп, мағлұматтар беріп отырды.
Ғалымбек Жапек АТТ мүшесі ретінде жамағатпен жүздесіп, насихат жүргізіп, түсіндірме жұмыстарын да жасап қайтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі.