Тәңіршілдіктің дінге тигізер зияны сөз болды

Тәңіршілдіктің дінге тигізер зияны сөз болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданы, «Мойынқұм» мешітінің бас имамы Еспенбетов Рысбай ауыл ардагерлері мен жастардың басын қосып, "Тәңіршілдік" бұл - дін емес наным-сенім екендігін, дін болу үшін Алладан түскен кітабы мен пайғамбары болу керектігін тілге тиек етті.

Жиында тәңіршілдік жолының қазіргі таңда ел ішінде кеңінен таралуы, халқымыз бен келер ұрпаққа келтіретін зиянының орасан екендігін атап өтіп, бұдан сақтанудың жолы діни сауаттылығымызды күшейтіп, бабаларымыз хақ ислам дінін ұстанғандығын және осы жолдан таймағандығын халқымызға кеңінен дәріптеуіміздің қажет екендігін айтып өтті.

Р.Еспенбетовқа тақырыпқа сай сұрақтар қойылып, сауалдарына тұшымды жауаптар алып тарқасты.

«Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: