Бас имам мешіт-медресе есепшілерін төл мерекелерімен құттықтады

Бас имам мешіт-медресе есепшілерін төл мерекелерімен құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін - халықаралық есепшілер күні. Осыған орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Алла үйі мен медресе-колледждің барлық кіріс-шығысын есептеп, аудит жасап отырған облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің есепші мамандарын құттықтады. 

Жаңылуды құп көрмейтін, аса мұқияттылықты қажет ететін мамандық иелерін алғыс хатпен марапаттап, шоқ гүлі мен сыйлығын табыстады. 

Бас имам атқарып жатқан еңбектеріне жеміс тілеп, жылы лебізін білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: