IX республикалық Құран сайысына іріктеуде 90 адам бақ сынасты

IX республикалық Құран сайысына іріктеуде 90 адам бақ сынасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жылдағы дәстүр бойынша жүргізілетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан IX республикалық байқауға Жамбыл облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.

Алланың кәләмін көркем түрде жүректерге жеткізіп, нақышына келтіріп, қатесіз оқитын жүзден жүйрік шыққан қатысушы республикалық жарысқа жолдама алды. Ал бұл облыс деңгейіндегі сайыс жеңімпазы ұмра қажылығына ие болды. 

Аталған ілім додасында бақ сынау үшін Жамбыл облысы бойынша 90 үміттер іріктеуге қатысты. Шара облыстық Һибатулла Тарази мешітінде орын алды.

Олардың қырағатына, тәжуидіне баға беретін әділ қазылар алқасында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, "Әзрет Әли" мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов, "Қордай" қарилар дайындау орталығының директоры Хусей Ахмет, "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ұстазы Амангелді Бірлік болды.

Нұрлан Мұрат жүргізген сайыста 1 пара бйынша 23 бала, мәнерлеп оқуға 12 бала, 10 пара жаттаған 30 бала, 20 білетін 10 бала, 30 параны түгел білетін 13 бала сынға түсті.

Сайыс қорытындысы төмендегідей: 

1 пара бойынша:
1-орын Усыров Рамазан
2-орын Бауыржан Мұстафа
3-орын Бакиров Абдулла

Мәнерлеп оқу бойынша: 
3-орын Абдугапиров Исламбек

10 параны жатқа оқу бойынша:
1-орын Абдилазиз Абдулбақи
2-орын Абдусаттар Умаир
3-орын Паншаров Биляль

20 параны жатқа оқу бойынша:
1-орын Мырзахмет Махмут
2-орын Шаров Хамза
3-орын Усыров Салим

Құранды толық жатқа оқу бойынша:
1-орын Абдазимов Ниғматуллох
2-орынЧиахунов Абдурахман
3-орын Серік Нүргелді.

Барлық орын алған қатысушыларға ақшалай сыйлықтар табысталып, бас жүлдеге кіші қажылыққа жолдама берілді. Жеңісін қанжығасына байлағандардың қатарына, ынталандыру сыйлығын иеленген азаматтар да қосылды. Атап айтсақ, Құранды толық жаттаған Манькевич Андрейге ақшалай сыйлық берілді. Сонымен қатар, анасымен келген екі қариға және жастары ең кіші болған үш қариға қаражаттай сыйлық жасалды.

90 баланың ішінен үздік шыққан үміткерлер республикалық байқауда үмітті ақтайды деп сенеміз!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: