Қоңыртөбе ауылында жаңа мешіт ашылды

Қоңыртөбе ауылында жаңа мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл ауданы Қоңыртөбе ауылында жаңа мешіт есігін ашты. Салтанатты шараға облыстан келген арнайы қонақтар мен ауыл тұрғындары қатысты. 

Жиын барысында "Айша бибі" мешітінің имамы Тәжібаев Қатарбай Құран оқып, күмбезді мешіттің шырайын келтірді.

Мешіттің лентасын  қию құрметі ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен Шайқорық ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбаев Орынбайға берілді.

Бас имам өз сөзінде мешіт салудың сауабы жайында тілге тиек етіп, үлес қосқан азаматтарға алғысын жеткізді. Сонымен қатар мешітке Алланың кәләмін сыйға тартты. 

Ауданның бас имамы Ғарифулла Әмірбеков: "Әсем де зәулім мешітті тұрғызуға ат салысқан ел ағаларына, демеушілерге деген ауыл тұрғындарының алғысы шексіз. Жасап жатқан еңбектеріне табыстар тілеп, абырой биігінде жүре берулерін ниет етейік," - деп атап өтті.

Салтанатты рәсімнен соң жамағат ішке кіріп, құран бағыштап, сәлем намазын оқыды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: