Тараз - дін ғұламаларының шаһары

Тараз - дін ғұламаларының шаһары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз — ежелгі қала, үлкен руханият орталығы. Тарихтың құпиясын бойына жиып жатқан бұл өлке ертеректе дін ғұламаларының шоғырланған қаласы болғаны белгілі. Шаһардан Һибатулла Тарази, Баласағұни, Құлани, Меркилер секілді біраз ғалымдардың шыққандығына еңбектері мен тарихи фактілер дәлел. Бүгінде осы өңірдің бабаларының ізін қуып, діни білім іздеп,  білікті маман атанған тұлғалары көп. Алайда еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүрген болатын.

Сол жастардың басын біріктіріп, көне қаланың рухани орталық статусын қайта жандандыру үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың бастамасымен өңірден шыққан дін мамандары қалаға қайта жиналып, ұстаздар тобы құрылды.

Һибатулла Тарази медресесі колледж мәртебесін алып, аталған ұстаздар қауымы осы оқу орнында жұмыспен қамтылды. Іс-тәжірибесі мол, жат ағыммен күрес бағытында белсенді жұмыс жүргізген, Қазақстанның басқа да колледж-медреселерінде білім беріп, әбден ысылған, білікті де, білімді мамандар өңірімізде қызмет атқаруға тартылды. Аталған медресеміздің түлегі болған жастар да қосымша жоғарғы оқу орнын тәмәмдап, колледжге қайта оралды. Яғни оқу орны өзі даярлаған кадр осы білім ордасына жұмыс жасауда.

ҚМДБ тарапынан жолданған шетелдік Әл-Азһар университеті, Хасеки жоғары академиясы, отандық Нұр-Мүбәрак университеті  сынды өзге оқу орындарынан алған білімімен, іс-тәжірибесімен бөлісіп, қара шаңырақтың діни білімін көтеруге атсалысу, балаларға сауатты білім беру, облыстың діни әлеуетін көтеру мақсатында өңірге оралған мамандар білім бөлімінің басшылығына, директор орынбасары, ұстаз, тәрбиеші қызметтеріне тағайындалды.

Бүгінгі өткен жиында облыс имамы Бейбіт Әліпбекұлы мен медресе-колледж директоры Қанат Жұмағұл сөз сөйлеп, алдағы айқын мақсатқа жету жолында жігерлендірер сүбелі сөз сөйледі.

Бас имам өз сөзінде: "Бастысы - талап. Бір үйдің балаларындай  ауызбіршілікте қызмет жасасақ. Бір жеңнен бас бір жеңнен қол шығарып, барынша күш салып іске кірісейік. Шәкірттерге үлгі, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өсиет еткен көркем мінезде болып, бөлінбей, ұстаз атаулысының алды болыңыздар" - деп рухты көтерер сөз айтып, ұйымшылдыққа шақырды.

Тараз шаһары ертеректе дін ғұламаларымен тарихта қалса, сол тарихты жаңғыртатын осы мамандар деп сенеміз!

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: