Қарттарым, аман-сау жүрші

Қарттарым, аман-сау жүрші

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ қариясын құрметтеп, төрін берген, ақыл сұрап, ерекше құрметтеген. Елде дау болса ақсақалдар шығарған шешім мірдің оғындай тоқ етері болған. Осы бір дәстүрді жалғастырып жүрген Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мештінің қариялары баршылық.

Дінге бет бұрып жатқан жастарды, мешіт жамағатына бас болып, аталық ақ батасын беріп, үлгі болып жүрген өңір қарияларын Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы "Қарттар күні" қарсаңында құрмет көрсетіп, 3 ақсақалға шапан жапты. 

Имам мешіттің белсенді қарттарына алғыс хат табыстап, рақметін айтты. Ал  мұндай құрметке разы болған ақсақалдар батасын берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: