Мешіт ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтады

Мешіт ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып , тәлім – тәрбие беру , жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Шынайы ұстаз өз шәкірттерінің жүрегінде білімге деген сарқылмас ынта-ықыласты оятады.

Осындай ардақты жандардың бүгін төл мерекесі. Қазан айының бірінші жексенбісі "Ұстаздар күніне" орай Һибатулла Тарази мешітінде өңірдің әйел ұстаздары бас қосты. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаеваның ұйымдастыруымен мешіт іші безендіріліп, барлық ұстаздар сағыныса көрісті. 

Ақ дастархан барысында сүбелі сөз, өнегелі әңгіме айтылып, сектор жетекшісі ұстаздар қауымына алғыс айтып, сый-сыяпат жасады. 

Ұстазға құрмет көрсету – адамгершіліктен. Тәрбие беруші тұлғаны ардақтап, оған сый-құрмет көрсету де – сауапты іс. Хазіреті Әли (оған Алла разы болсын): «Кім маған бір әріп үйретсе, оның құлы болуға дайынмын» деген екен. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: