Жамбыл облысында ҚМДБ-ның 30 жылдығына 3651 түп тал отырғызылды

Жамбыл облысында ҚМДБ-ның 30 жылдығына 3651 түп тал отырғызылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елімізде "Жасыл Қазақстан" эко-шарасы жолға қойылған болатын. Аталған шара аясында еліміздің барлық өңірлерінде тал отырғызылып, даламыздың көркеюіне үлес қосу басты мақсат болды.

Науқан аясында Жамбыл облысы бойынша  3651 түп ағаш егілді, соның ішінде 1070 түбі жеміс талы, қалғаны туя, қара ағаш, терек, т.б.

Игі шара алғашқы болып Тараз шаһарынан бастау алып, облыстың рухани жүрегі болған Алла үйінің ауласына, қала мешіттерінде ағаштар егілді. 

Жалғасын тауып келе жатқан шара бүгін Меркі және Жамбыл аудандарында орын алды. Жамбыл ауданы бойынша Бектөбе, Айша бибі, Бәйдібек мешітерінде жалпы 60 түп егілсе, Меркі ауданы бойынша 30 дарақ  бойын тіктеді.

Меркі ауданында өткен атаулы жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев қатысып, өзі бастап ағаш екті. Сонымен қатар "30 жылдыққа 30 мың тал отырғызу" науқаны жайында телеарнаға сұқбат беріп, ел амандығы үшін дұға жасап, бата берді.

Айта кетейік, бұл маңызды шараны мешіт қызметкерлері, имамдар, мешіт жамағаты бірлесе атқарды.

Пайғамбарымыздың ()"Кімде-кім бір тал ексе, Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады" деген. Ал осындай игі амалды қолға алған ҚМДБ жұмысы жемісін бере берсін. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: