Қордай ауданы, Масаншы ауылы, «Қордай» құран қариларын дайындау орталығында қазақ тілін оқыту курсы ауыл имам-молдаларына жүргізіліп келген болатын.
Карантинге дейін тек имам-молдалар ғана емес мешіт жамағаттары да қатысты. Қазіргі таңда имам–молдалар санитарлық нормаларды сақтай отырып, оқуды жалғастырып келді.
Осы курстың нәтижесі ретінде дін қызметкерлері 1-ші кезеңді тәмәмдап, Масаншы ауылындағы 11 адамға сертификат табысталды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі