Имам Науауи (р.а.): «Қалалар Аллаға мешіттерімен сүйікті. Өйткені мешіттер Алланы еске алу үшін, тақуалық пен ізгі амалдарды егуге арналған Алланың рақымы түскен мекен» демекші, 2020 жылы қыркүйек айының 21-ші жұлдызында Қордай ауданы, Қордай ауылында жаңа Алланың үйін салу қолға алынып, қазығы қағылды.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Қордай жамағаты мен тұрғындары бастаған бұл игі іс ауыл тұрғындарын қуантты. Алланың үйін салу жолында, жолымызды ашық қылсын деп бір қой құрбан шалынып, құран оқылды. Мешіттің жобасымен таныстырылып, бата берілді.
Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде –кім мешіт салатын болса, Алла оған жәннәтта үй тұрғызады» деген. Игі ісімізге Алла берекесін берсін.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі