ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаеваның бастамасымен нәзік жандылар тобы "Аналар күніне" орай ақ жаулықты қарт ана, Һибатулла Тарази мешітінің жамағаты болған Әуес апананы зиярат етіп қайтты.
Көп көрген көнекөз қарияның аузынан ғибратты сөздер, ұлағатын, отбасы, отбасы бақыты жайлы насихатын тыңдау мақсатында келген қыздарды ұстаздың өзі бастап барып, үлкенге құрмет көрсетіп сыйлықтарын да тарту етті.
Ақ әже мұндай тосын сыйға қуанып, бір жадырап қалды. Жастарға үлгілі сөз, өнегелі өсиетін айтып, батасын берді. Алланы ұлықтап, көптеген даналық естіген қыздар апаға ұзақ ғұмыр тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі.