Бүгін Шу ауданы, Бәйдібек ауылында жаңа мешіттің қазығы қағылды. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) Кімде кім Алла үшін мешіт соғатын болса, Алла ол үшін жаннаттан зәулім сарай соғады деген өсйетіне арқа сүйеген, Бәйдібек ауылының тумасы Бейсенбекқызы Гүлнар апайымыз аталмыш ауылға халықтың игілігіне мешіт соғып беруді ұйғарды.
Іс-шараға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы, Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы, ауыл әкімі Сұлтанбаев Найман және ауыл тұрғындары қатысты.
Жаңа мешіттің қазығын қаққан Бейбіт қажы Әліпбекұлы ауыл тұрғындарын құттықтап, мешіт соғушы кәсіпкер Гүлнар апайға рахметін айтып, кәсібіне береке, ісіне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы жолшыбай Рақыш-ата мешітіне де зиярат қылды.
Сапар барысында мешіттің тыныс тіршілігімен танысып, кем-кетік жерлерінде тілге тиек етті.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі