Бүгін Шу ауданының мәдениет үйінде «Бейбітшілік және келісім» пилоттық жобасы аясында құрылған дін істері жөніндегі ақпараттық топ өз жұмысын жалғастырды. Жиналыс Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы және Жамбыл облысы дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаровтың торалығымен, аудан, қала және ауыл имамдары мен ақсақалдар кеңесі мүшелерімен толықты.
Жиында өз баяндамасымен Шымкент қалалық «Әл Биләл» мешітінің бас имамы Е.Қарақұлов қазіргі имамдардың сауатты, зерек болуын қажет екенін атап өтті.
Өзге дін өкілдерімен және жат ағымның жетегінде жүрген жандармен де қарым-қатынас орната білу керектігі айтылды.
Сонымен қатар, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы «Жеті рухани қазық» тақырыбында сөз өрбітіп, көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, өз алдына көпшіліктің ықыласына бөленді.
Сұрақтар барысында ауыл ақсақалдар мүшелері алдағы уақытта мешіттердің жұмысы тоқтамаса, өзге дін өкілдерімен татулықты сақтауды, талеранттылықты кұшейтіп, бірлікте болу керек екендігіміз жайлы ұсыныс тілектермен бөлісіп, ортаға өз ойларын салды. Шара соңын Жангелді Жайлауұлы біз бірге ынтымағы жарасқан, имандылық пен адалдықты ұштастыра алатын ел болайық деп тамамдады.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі