Бүгінгі алмағайып заманда бала тәрбиесінің нашарлауы, рухани құндылықтардың әлсіреуі, қоғамда жаман әрекет пен жат қылықтардың көрініс табуы тағыда басқа осы секілді келеңсіз жайттар жас ұрпақтың бүгінгі рухани және мәдени келбетін қалыптастыруға теріс әсер етіп жатыр. Діни басқарма мешіт имамдары осы бағытта жүйелі түрде жұмыс жасап, игі шараларды жүзеге асыруда.
Бейсенбі күні Төле би ауылдық округі әкімінің жұмыс кабинетінде және аудандық мәдениет үйінде аластан ат терлетіп келген «Дін мәселелері» жөніндегі пилоттық тобының мүшелері аудан ақсақалдарымен мектеп мектеп ұстаздарымен кездесу өтті. Оған Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, Жамбыл облыстық Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Жайлауұлы Омаров, Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы, Шымкент қалалық «Әл Биләл» мешітінің бас имамы Е.Қарақұлов, Республикалық «Ақниет» ақпараттық түсіндірі және оңалту орталығының Нұр-Сұлтан қаласындағы теолог-консультанты Раят Кеңесбекұлы Рахымжан қатысты.
Бас қосуды Ж.Омаров ашып, дін мен дәстүрге қайшы көзқарас ұстанатын қоғамға лаң салып, бүлік тудырып жүрген жат ағым өкілдерін табанды түрде даналық жолымен топтасуға күш салу, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жұртымызды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақыру және қайырымдылық шараларды жиі өткізу секілді бірқатар маңызды мәселелерді қозғай келіп, бұл орайда халықпен жалғасқан көпір саналатын елге сыйлы ақсақалдардың, зиялы қауым өкілдерінің орны айрықша екенін атап өтті.
Өз кезегінде сөз алған Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы өз сөзінде : «Іргелі істердің ау-жайын қаузаған бүгінгі басқосуда осындай игі шаралардың барлығы да ел игілігі, жұрт тыныштығы үшін атқарылып отырғанын асыл діннің аманатын ел мұратымен үндестіріп, халыққа жеткізу басты міндет екенін ұмытпамауымыз керек» деп сөзін қорытындылады.
Кездесу аясында Р.Рахымжан «Зайырлы мемлекет және дін» деген тақырыпта баяндама жасап, еліміздің зайырлы мемлекет екендігін және ондағы діннің орнын түсіндірсе, Е.Қарақұлов исламның дәстүрлі бағыттары туралы және ланкестікке жол бермеу әрекеттерін исламның дәстүрлі мәдениетінің маңызы жайында мағлұмат берді.
-Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағаттысөз айтқан. Бұл жағдай адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды дейді Жангелді Жайлауұлы.
Жиналған жамағатқа өздеріне кез келген әлеуметтік желілердегі дінді уағыздайтын сайдтардың бар екені және оларға кіруге болмайтыны туралы да ескеріліп, қандай сайдтың ресми, заңды екені жайлы мәләметтер алды.
Шара соңында аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Ә.Орманов, елімізге танымал шежіреші Мұрат молда, Е.Рахымұлы меймандарға сұрақ қойып, мардымды жауап алды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі