Аудан имамдарымен кезекті жиналыс жасалды

Аудан имамдарымен кезекті жиналыс жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Һибатулла Тарази мешітінде қала және аудан имамдарымен онлайн жиналыс өтті. Бас қосуды Һибатулла Тарази медресесінің директоры Қанат Жұмағұл, мешіттің наиб имамы Әбжаппар Әмір, медресе ұстазы Жарбол Ақжігіт жүргізді. 

"Шариғат және пәтуә" аптасына байланысты жұмыс жоспары талқыланып, атқарылатын шаралар легі баяндалды. 

Имамдарға бірқатар тапсырмалар жүктеліп, кері байланыстың үзілмеуі сұралды. Атап айтсақ, телеграм мобильдік қосымшасындағы сұрақ-жауап топтарын жандандыру, Тараз, Шу сынды қалалар мен әр өңірге пәтуәға жауапты бір маман тағайындау. Инстаграм желісіндегі "Шариғат және пәтуә" бөлімінің сұрақ-жауап эфирлерін жарнамалау, жамағатты атсалысуға шақыру, бөлімнің мақала, пәтуәларын халық арасында насихаттау жұмыстары қозғалды.

Сонымен қатар бұл жетіде "Пәтуә беру - жауапкершілігі ауыр міндет" тақырыбында 10 минуттық уағыз түсіру, БАҚ беттерінде пәтуә туралы мақала жариялау күнтәртібінде тұр. Дін мамандары осы апталықта жамағатқа көкейкесті түйіткілді мәселелердің жауабын беруде әлеуметтік желі, сайт, БАҚ сияқты барлық ақпарат көздерін қолданбақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: