Дін мамандары "Байзақ баба" кесенесін зиярат етті

Дін мамандары "Байзақ баба" кесенесін зиярат етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Конфессияаралық келісімге байланысты 3 күндік ауқымды шара өткізіліп жақанын алдыңғы жаңалықтарда хабарлаған болатынбыз. 

Кеше ашылу салтанаты өтіп, бүгін де Байзақ ауданында белсенді түрде бірнеше шара жасалды. Сол аралықта дін мамандары ауданға аты берілген "Байзақ баба" кесенесіне барып қайтты. 

Имамдар құран оқып, сауабын бабамыздың рухына бағыштады. Зиярат басына аудан имамы, жоба қатысушылары мен басқа қаладан келген қонақтар да барған болатын.

Айта кетейік, батыр кесенесі Әулиеата өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі саналады. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы 100 нысанының тізіміне аудан орталығы Сарыкемер ауылы маңындағы «Байзақ баба» кесенесі енгізілген болатын. Аталған кесене «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі бойында орналасқан.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: