Байзақ ауданында "Конфессияаралық келісім" шаралары өтті (ФОТО)

Байзақ ауданында "Конфессияаралық келісім" шаралары өтті (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Бейбітшілік пен келісім" атты пелоттық жоба аясында Байзақ ауданында Конфессияаралық келісім тобының жоспарына сай "Қоғамдық келісім" залында дін мамандары, мемлекеттік қызметкерлер, ауыл ақсақалдары мен өңір молдаларының жиыны өтті. Шарада Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларынан арнайы мамандар, Деструктивті діни ағым мүшелері, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиев сөз сөйледі. Дін саласына қатысты өзекті жайттарды қопарып, шешу жолдарын қарастырды. Оның ішінде Байзақ ауданындағы ұлтаралық татулық, теріс ағымдағы азаматтармен жұмыс жайы да сөз болды. Мешіт соғуға, оның жұмысы, құрылысына тоқталып, алдағы дамыту жоспары талқыланды.

Үш күнге созылатын жобаның бүгін екінші күні. Конференциядан кейін бас имам Бейбіт қажы қабылдау жасап, Сарыкемер және Бурыл ауылдарында мұғалімдер, ауыл молдалары, ауыл ақсақалдармен, азаматтармен жеке кездесу өткізді. Аталған кездесуге Жамбыл облысының Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров қатысты. Тұрғындар көкейкесті сауалдарын қойып, нақты жауаптар ала алды.

Көпшілік тарапынан екпе егуге қатысты, имамдардың жалақысына, діни білімді арттыру мақсатында оқуға жіберілгенде жолақы төлеуге байланысты, мектепке дейінгі діни білім алуға қатысты сұрақтар қойылды. Діни әдебиеттердің қайсысы дұрыс, қай дінтанушыны таңдаймыз сынды сауал сұраған қатысушылар өз ұсыныстарын да айтып өтті. 

Айта кетейік, шара барысында теолог мамандар теріс ағымда жүрген адамдармен жеке-жеке кездесу өткізді. Бір күнде 26 кері бағыттағы азаматпен жұмыс жасалды. Әр адамға психологиялық портрет жасалды. 

Күні бойы қарқынды атқарылған шараның қорытынды жиыны жасалып, түйіткілдің түйіні тарқатылды. Дін мамандары, жоба спикерлері, ДРТ мүшелері өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

-Имамдар сауатты сөйлесе, білімі, біліктілігі көрініп тұрса. Өйткені, мешіт имамының көрінісі, жүріс-тұрысы діннің айнасы. Сондықтан тек діни біліммен ғана шектеліп қалмай, сөйлеу мәнері, мемлекеттік тілдердегі білімділікті дамытайық - деп бір топ ой тастаса, екінші бір топ кадр мәселесін қозғады. 

Қорытынды жиналыста "Жусан" операциясымен келген қандастарымызбен жұмыс жасау, хал-жағдайларын тексеріп, байланыста болу жайы тапсырылды.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: