Қариясы бар елдің - қазынасы бар

Қариясы бар елдің - қазынасы бар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев ардагер атамыздың үйін зиярат етіп қайтты. Үлкенге құрмет көрсету - шариғатымыздың асыл өсиеттерінің бірі. Мұхаммед пайғамбар(с.ғ.с): «Үлкенімізді қадірлемеген, кішімізді аямаған, ғалымдарымызға қатысты міндетімізді білмегендер бізден емес!»-деген.

Аурудың тарап, әлі түгесілмей тұрған уақытында қабырғаға қамалып, қауып-қатерден сақтанып отырған қариялардың жағдайы қалай екен? Міне, осы мақсатта ақсақалдың хал-ахуалын біліп, көңілін аулай келген имам қарияның шаңырағына азық-түлігін арқалай барды. 

Төсінде марапатқа толы белгілері жалтырап, көзімен көргенін айтып, естелігін бір қопарған ардагер Бейбіт имамға батасын беріп, игі тілегін айтты. 

Дін маманы да разылығын жеткізіп, зор денсаулық тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: