Медколледжде жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Медколледжде жемқорлыққа қарсы жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл медициналық колледжінде "Жемқорлыққа қарсымыз!" деп ұрандатқан дөңгелек үстел өтті. Шараға Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев, ел тізігінін ұстап, халықтың түйіткілді мәселелерін шешуде мұрындық болып жүрген ел ағалары, колледж директоры қатысты. 

Ашық ойлар алаңы іспетті дөңгелек үстел отырысында дөңгелете тастаған ой-пікірлер талқыланып, мәселені шешу жолдары қарастырылды. 

Жемқорлықтың түбі - тек қорлық екенін жеткізу мақсатында қуатты баяндамалар жасалды. Дін маманы Бахтияр Амантайұлы жемқорлық жайлы асыл дініміз не дейді, оның жазасы қандай, жемқор адамның ақыреттегі және бүгінгі жайы не болмақ, осы турасында толық мағұлмат беріп, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: