Қиямет күнінің белгілері. Қиямет қайымға иман - Әбу Әли Ашғари

Қиямет күнінің белгілері. Қиямет қайымға иман - Әбу Әли Ашғари

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біз "соңғы күндерде" өмір сүріп жатырмыз, немесе "Ақырзаманның кей белгілері болып жатыр" деген сөздерді жиі-жиі естіп келеміз. Осыған орай, біздерге, мұсылман ретінде иманның міндетті шарттарының бірі болған Ақырзаманның белгілерін дұрыс түсіну үшін, қайнар көздеріміз - Құран мен Сүннетке жүгінуіміз өте маңызды болып табылады. 

Azan.kz сайтындағы бауырларымыз осы белгілерді талқылайтын кіші-кірім мақалалар топтамасының қазақ тіліндегі аудармаларын ұсынып отыр. Осы мақалалар мұсылмандарға пайдалы болады деп үміттеніп, Алладан баршамызға осындай қиын-қыстау заманда жәрдемін беріп, қолдауын сұраймыз.

Әбу Әли Ашғари



Қиямет күнінің белгілері. Қиямет қайымға иман - Әбу Әли Ашғари (1 дәріс)


Біздің заманымыз тарихтың соңғы демі – адамзат өркениетінің соңғы демі болып танылған. Үрейлі долылық күшіне енуде: философтар рухани байлық және мінез- құлықтың азғындалуын болжап жатса, саясаткерлер – әлемдегі фашистік режим жайлы айтуда, ал экономистер болса – жаһандық экономикалық дағдарысты айтуда. 

Қиямет қайым бір қадам жақын тұрғанын барлығы да бір ауыздан мойындауда: құлдық дәуір кезінде құрылған елдер құлдырай бастады, ал қалғандары әлсіреп, жойылуға шақ қалып тұр. 

Сондықтан да Қиямет күнінің жақын қалғанын сезіну ащы болып, үлкен-үлкен орталарды толғандыра түсуде. Біз үшін, яғни иман еткен жандар үшін адамзат тарихының аяқталуы біздің ақидамыздың әрі дүниетанымымыздың бір бөлігі.

Алла Тағала былай деген: 

لَّيْسَ الْبِرَّ أَن تُوَلُّوا وُجُوهَكُمْ قِبَلَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ وَلَـٰكِنَّ الْبِرَّ مَنْ آمَنَ بِاللَّـهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ

Мағынасы: «Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ кім Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сарып қылса әрі намазды толық орындап, зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар»(Бақара сүресі, 177 аят)

Қиямет күнінің азаптары жайлы айтылған көптеген аяттар бар, оларға ешқандай да күмән жоқ. 

Алайда, қазіргі таңда бүкіл әлемге американдық мәдениет кең тарап кеткендіктен мұсылмандар да Қиямет қайым жайлы әртүрлі фильмдерді көруде. Сондықтан да көпшіліктің түсінігіндегі Қиямет, заманауи масс-медианың негізінде қалыптасуда. 

Мұсылмандарға батыстың режиссерлары мазақ қылып түсірген фильмдерді көруге мүлде болмайды. Дни сюжеттерді қамтыған фильмдер батыстықтар үшін «дінді ой елегінен қайта өткізіу» болса, біз үшін бұл дәлелді талап ететін ақида болып қалады. 

Ал қазыр Махдидің келуі жайлы және өзге де белгілер жиі айтылуда сол себепті біз мақаламызды Қиямет күнінің белгілері жайлы Құран мен Сүннетке сәйкес, сүннет ғалымдарының түсінігінде баяндап беруден бастауды жөн көрдік. 

Қиямет күніне иман және тақуалық 


Біздің сеніміміздің маңызды бір бөлігі – Қиямет күніне иман келтіру. 

Осы сенім ғана кез келген адамды шынай тақуа әрі көркем мінезді ете алады. Ешқандай адамның қолымен жасалған заңдары олай өзгерте алмасы анық, себебі олар жартылай ғана әділдікке құралған. Ешкім, ешқашан да қандай жағдай болмасын, әлде кімнің әділ жолмен сотталғанын немесе босатылғанын толық сеніммен айта алмайды, себебі бір адамның жүрегіндегі нәрсе өзге адамға мәлім емес, сондықтан да кемел әділдік пен ақиқат тек қана Иләһи бола алады. 

Иләһи әділдік алдындағы беретін есебін ойлайтын адамның өмірі мен адами жүйені алдауға болатынын білетін адамның өмірлерінде үнемі үлкен айырмашылық байқалып тұрады. Алла Тағала Өзінің иман еткен құлдарына Өзімен кездесуге не нәрсе дайындау керектігіне былай деп кеңес береді: 

وَتَزَوَّدُوا فَإِنَّ خَيْرَ الزَّادِ التَّقْوَىٰ

Мағынасы: «...Және азық алыңдар. Негізінде азықтың жақсысы тақуалық. «Әй ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар» (Бақара сүресі, 197 аят)

Сондықтан да имам Ғазали өзінің көптеген еңбектерінде өзімен бірге мәңгілікке алып кету үшін сауапты амалдар жинаған адам ғана ақылды деп жазады. 

Есеп күніне сенбейтін адамдар осы өмірге байланып, оны ұзартқылары келеді, олар жайлы Алла Тағала былай деп айтқан: 

قَالُوا إِنْ هِيَ إِلَّا حَيَاتُنَا الدُّنْيَا وَمَا نَحْنُ بِمَبْعُوثِينَ

Мағынасы: «Олар: «Дүние тіршілігімізден басқа ешбір өмір жоқ. Тағы бір қайта тірілуші емеспіз» деді» (Әнғам сүресі, 29 аят)

Осылайша олар өзгелерді тонап әрі өзге халықтарды құрту арқылы дүние жинап жатқандарын екіжүзділікпен «әділдік» деп атауда.

Және де, Алла Тағала бұл адамдар жайында былай дейді:

وَلَتَجِدَنَّهُمْ أَحْرَصَ النَّاسِ عَلَىٰ حَيَاةٍ وَمِنَ الَّذِينَ أَشْرَكُوا ۚ يَوَدُّ أَحَدُهُمْ لَوْ يُعَمَّرُ أَلْفَ سَنَةٍ وَمَا هُوَ بِمُزَحْزِحِهِ مِنَ الْعَذَابِ أَن يُعَمَّرَ ۗ وَاللَّـهُ بَصِيرٌ بِمَا يَعْمَلُونَ

Мағынасы: «Яһудилердің жалпы адамдардан да мүшріктерден де тіршілікке (ұзын өмірге) тым құмар екенін көресің. Олардың әрбіреуі мың жыл өмір сүруді арман етеді. Алайда, өмір оны азаптан арашаламайды. Алла олардың істегендерін толық көруші» (Бақара сүресі, 96 аят).

Бұл жағдай біздің заманымызда да орын алып отырғанын көреміз және де, әртүрлі ойшылдар Қиямет күініне иманды өздерін үмітпен алдаусырататын әлсіздер мен ғаріп жандарға қысым көрсетушілер ақырғы өмірде жазаға тартылады деп шығаруда. Бірақ асылында, олардың мұсылмандарды мазақтаулары – өздері істеген қылмыстары мен көрсеткен қысымдарынан туған қорқыныштың жасырын түрі. 

Қиямет қайымның белгілерінің біздің заманымызда да көрініс табуының мәні- Ақыреттің мәңгілік екендігіне бір дәлел. Белгілерін көре тұрса да сенбей, жоққа шығарушылар көп болса да, бұл анық белгілер. 

Әбу Әли әл-Әшғари

Қиямет күнінің белгілері. Есеп күнінің атаулары - Әбу Әли Ашғари (2 дәріс)

Біз "соңғы күндерде" өмір сүріп жатырмыз, немесе "Ақырзаманның кей белгілері болып жатыр" деген сөздерді жиі-жиі естіп келеміз. Осыған орай, біздерге, мұсылман ретінде иманның міндетті шарттарының бірі болған Ақырзаманның белгілерін дұрыс түсіну үшін, қайнар көздеріміз - Құран мен Сүннетке жүгінуіміз өте маңызды болып табылады. 

Azan.kz сайтындағы бауырларымыз осы белгілерді талқылайтын кіші-кірім мақалалар топтамасының қазақ тіліндегі аудармаларын ұсынып отыр. Осы мақалалар мұсылмандарға пайдалы болады деп үміттеніп, Алладан баршамызға осындай қиын-қыстау заманда жәрдемін беріп, қолдауын сұраймыз.

Әбу Әли Ашғари

Біз Қиямет қайымның белгілері жайлы әңгіме қозғап жатқандықтан, Құран Кәрімде бұл күннің қандай атаулармен келгенін де айтып кетуді жөн санадық.


1. Сағат (әс-Саъа)

Ұлы Алла Тағала былай дейді:

قُلْ أَرَأَيْتَكُمْ إِنْ أَتَاكُمْ عَذَابُ اللَّـهِ أَوْ أَتَتْكُمُ السَّاعَةُ أَغَيْرَ اللَّـهِ تَدْعُونَ إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ

Мағынасы: «Аллаға ортақ қосушыларға: «Егер сендерге Алланың азабы келсе немесе қиямет келсе, Алладан басқаны шақырасыңдар ма? Егер сөздерің рас болса, маған білдіріңдер» де(Әнғам сүресі, 40 аят)

2.  Қайта тірілу күні

قَالَ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ وَالْإِيمَانَ لَقَدْ لَبِثْتُمْ فِي كِتَابِ اللَّـهِ إِلَىٰ يَوْمِ الْبَعْثِ ۖ فَهَـٰذَا يَوْمُ الْبَعْثِ وَلَـٰكِنَّكُمْ كُنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ

Мағынасы: «Ал ғылым және иман берілгендер: “Расында Алланың жазуындағы тірілетін күнге дейін тұрдыңдар, тірілетін күн осы. Бірақ сендер білмейтін едіңдер” дейді» (Рум сүресі, 56 аят)

3. Діннің күні / Сот күні

وَقَالُوا يَا وَيْلَنَا هَـٰذَا يَوْمُ الدِّينِ

Мағынасы: «Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!”,- деседі» (Саффат сүресі,20 аят)

4. Қасырет күні

وَأَنذِرْهُمْ يَوْمَ الْحَسْرَةِ إِذْ قُضِيَ الْأَمْرُ وَهُمْ فِي غَفْلَةٍ وَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ

Мағынасы: «Ол сенбей селқостықта болғандарға, олар үшін іс бітіп кететін қасырет күнін ескерт» (Мәриям сресі, 39 аят)

5. Мәңгілік мекен

وَمَا هَـٰذِهِ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا إِلَّا لَهْوٌ وَلَعِبٌ ۚ وَإِنَّ الدَّارَ الْآخِرَةَ لَهِيَ الْحَيَوَانُ ۚ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ

Мағынасы: «Бұл дүние тіршілігі бір ойыншық, ермек ғана. Күдіксіз ақырет жұрты анық тіршілік. Әттең! Олар білсе еді.»(Әнкабут сүресі, 64 аят)

6. Шуласу күні

وَيَا قَوْمِ إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ يَوْمَ التَّنَادِ

Мағынасы: «Әй елім! Расында мен, сендерге келетін ойбайласу күнінен қорқамын!» (Ғафир сүресі, 32 аят)

7.Тұрақтау мекені

يَا قَوْمِ إِنَّمَا هَـٰذِهِ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا مَتَاعٌ وَإِنَّ الْآخِرَةَ هِيَ دَارُ الْقَرَارِ

Мағынасы: «Әй, елім! Шын мәнінде бұл дүние тіршілігі,- уақытша пайдалану. Сөзсіз ақырет, ол тұрақты жұрт» (Ғафир сүресі, 39 аят)

8. Билік күні  

هَـٰذَا يَوْمُ الْفَصْلِ الَّذِي كُنتُم بِهِ تُكَذِّبُونَ

Мағынасы: «Бұл сендер жалғанға шығарған билік күні!» (Саффат сүресі, 21аят)

9. Жиналу күні

وَكَذَٰلِكَ أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ قُرْآنًا عَرَبِيًّا لِّتُنذِرَ أُمَّ الْقُرَىٰ وَمَنْ حَوْلَهَا وَتُنذِرَ يَوْمَ الْجَمْعِ لَا رَيْبَ فِيهِ ۚ فَرِيقٌ فِي الْجَنَّةِ وَفَرِيقٌ فِي السَّعِيرِ

Мағынасы: «Осылайша қалалардың орталығы (Мекке халқын) әрі маңындағыларды қорқытуың және де болуында шәк жоқ күні, жиналуды ескертуің үшін; саған арабша бір Құран уахи еттік. Ол күні бір топ жаннатта, бір топ тозақта» (Шура сүресі, 7 аят)

10. Қауіп күні

وَنُفِخَ فِي الصُّورِ ۚ ذَٰلِكَ يَوْمُ الْوَعِيدِ

Мағынасы: «Сүр үрленеді. Осы уәделі күн!» (Қаф сүресі, 20 аят).

11. Есеп күні

وَقَالُوا رَبَّنَا عَجِّل لَّنَا قِطَّنَا قَبْلَ يَوْمِ الْحِسَابِ

Мағынасы: «Олар: "Раббымыз, есеп күнінен бұрын көресімізді тез көрсет" десті»(Сад сүресі, 16 аят)

12. Мәңгілік күні

ادْخُلُوهَا بِسَلَامٍ ۖ ذَٰلِكَ يَوْمُ الْخُلُودِ

Мағынасы: «"Жұмаққа аман-есен кіріңдер. Бұл мәңгілік күні" делінеді»(Қаф сүресі, 34 аят)

13. Шығу күні (қабырдан)

يَوْمَ يَسْمَعُونَ الصَّيْحَةَ بِالْحَقِّ ۚ ذَٰلِكَ يَوْمُ الْخُرُوجِ

Мағынасы : «Олар ол күні ащы дауысты анық естиді. Ол, (қабырдан) шығатын күн» (Қаф сүресі, 42 аят)

14. Оқиға

فَيَوْمَئِذٍ وَقَعَتِ الْوَاقِعَةُ

Мағынасы: «Міне сол күні, қияметуақиғасы болады» (Хаққа сүресі, 15 аят)

15. Болуы анық күн

الْحَاقَّةُ ﴿١﴾ مَا الْحَاقَّةُ ﴿٢﴾ وَمَا أَدْرَاكَ مَا الْحَاقَّةُ ﴿٣﴾

Мағынасы:«Болуы анық қиямет. Ол, болуы анық не нәрсе? Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің?» (Хаққа сүресі, 1-3 аят)

16. Ірі уақиға (Қиямет)

فَإِذَا جَاءَتِ الطَّامَّةُ الْكُبْرَىٰ ﴿٣٤﴾ يَوْمَ يَتَذَكَّرُ الْإِنسَانُ مَا سَعَىٰ

Мағынасы: «Сендер және малдарың пайдалану үшін. Бірақ ол ірі уақиға (қиямет) келген сәтте.Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады» (Нәзиғат сүресі, 34 аят )

17. Құлақ тұндыратын дауыс

فَإِذَا جَاءَتِ الصَّاخَّةُ ﴿٣٣﴾ يَوْمَ يَفِرُّ الْمَرْءُ مِنْ أَخِيهِ ﴿٣٤﴾ وَأُمِّهِ وَأَبِيهِ ﴿٣٥﴾ وَصَاحِبَتِهِ وَبَنِيهِ ﴿٣٦﴾ لِكُلِّ امْرِئٍ مِّنْهُمْ يَوْمَئِذٍ شَأْنٌ يُغْنِيهِ ﴿٣٧﴾ وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ مُّسْفِرَةٌ ﴿٣٨﴾ ضَاحِكَةٌ مُّسْتَبْشِرَةٌ ﴿٣٩﴾ وَوُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ عَلَيْهَا غَبَرَةٌ ﴿٤٠﴾ تَرْهَقُهَا قَتَرَةٌ ﴿٤١﴾ أُولَـٰئِكَ هُمُ الْكَفَرَةُ الْفَجَرَةُ

Мағынасы: «Ал енді қатты дауыс келген сәтте, сол күнікісі туысынан қашады. Шешесінен, әкесінен. Әйелінен және балаларынан. Ол күні әркімнің ісі ауыр. (Әркім өз халімен әлек.) Ол күні кейбір жүздер жарқырайды, Күлген, қуанышты. Ол күні кейбір жүздің үстін шаң басқан болады. Оны қара түнек қаптаған болады. Міне солар, қарсы келген бұзақылар» (Ғабаса сүресі,33-42 аят)

18. Жақын қалған күн

وَأَنذِرْهُمْ يَوْمَ الْآزِفَةِ إِذِ الْقُلُوبُ لَدَى الْحَنَاجِرِ كَاظِمِينَ ۚ مَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ حَمِيمٍ وَلَا شَفِيعٍ يُطَاعُ

Мағынасы:«Оларға жақындаған қиямет күнін ескерт. Сол уақытта, жүректері жұтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдарүшін бір дос та, ықпалды болушы да болмайды» (Ғафир сүресі, 18 аят).

19. Ұлы жоқшылық

كَذَّبَتْ ثَمُودُ وَعَادٌ بِالْقَارِعَةِ ﴿٤﴾ فَأَمَّا ثَمُودُ فَأُهْلِكُوا بِالطَّاغِيَةِ

Мағынасы: «Самұд, Ғад елдері, олар үрейлі қияметті жалғанғаайналдырды. Бірақ Самұд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды» (Хаққа сүресі, 4 аят).
 
Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

Қиямет күнінің белгілері. Есеп күнінің басталуы - Әбу Әли Ашғари (3 дәріс)

 
Біз "соңғы күндерде" өмір сүріп жатырмыз, немесе "Ақырзаманның кей белгілері болып жатыр" деген сөздерді жиі-жиі естіп келеміз. Осыған орай, біздерге, мұсылман ретінде иманның міндетті шарттарының бірі болған Ақырзаманның белгілерін дұрыс түсіну үшін, қайнар көздеріміз - Құран мен Сүннетке жүгінуіміз өте маңызды болып табылады. 

Azan.kz сайтындағы бауырларымыз осы белгілерді талқылайтын кіші-кірім мақалалар топтамасының қазақ тіліндегі аудармаларын ұсынып отыр. Осы мақалалар мұсылмандарға пайдалы болады деп үміттеніп, Алладан баршамызға осындай қиын-қыстау заманда жәрдемін беріп, қолдауын сұраймыз.

Әбу Әли Ашғари


 
Қиямет күнінің белгілері. Есеп күнінің басталуы - Әбу Әли Ашғари (3 дәріс)

Есеп күні жайлы мұсылмандардың білуі тиіс ең маңызды нәрсе ол – Есеп күнінің қай кезде туатынын бір де бір жаратылыстың білмейтінін білу.

Алла Тағала былай дейді:

يَسْأَلُونَكَ عَنِ السَّاعَةِ أَيَّانَ مُرْسَاهَا ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِندَ رَبِّي ۖ لَا يُجَلِّيهَا لِوَقْتِهَا إِلَّا هُوَ ۚ ثَقُلَتْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ لَا تَأْتِيكُمْ إِلَّا بَغْتَةً ۗ يَسْأَلُونَكَ كَأَنَّكَ حَفِيٌّ عَنْهَا ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِندَ اللَّـهِ وَلَـٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ

Мағынасы: «Олар сенен қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді» де. Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Алланың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де.»(Ағраф сүресі, 187 аят)

Жебірейіл періште (оған Алланың сәлемі болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Есеп күні жайлы сұраған кезде, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сұралған адам, сұраушыдан көп білмейді» деген (Бұхари).

Осы жерден Жебірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) де, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) да Қиямет сағатының қай кезде соғатынын білмегендерін көреміз. Сондықтан да Қиямет қашан болатынын білем дейтін кез келген адам – өтірікші.  

Кейбір сопылық ағымдар Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және бірнеше шейхтар осы ілімге ие деп айтады. Бірақ, бұл сөздері Құран мен Сүннетке қайшы келіп тұр.

Кейбір Ислами сайттарда және кітаптарда бұл үммет он бес ғасыр ғұмыр кешеді деген сөзге сүйеніп, осы ғасыр соңғы ғасыр деушілер де бар.

Бұл пікірлер кейбір еңбектерде келген және де ешқандай негізі жоқ яһудейлердің риуаяттарына негізделген. Егер адамзаттың қанша ғасыр ғұмыр кешетіні белгілі болса, Қиямет сағатын жасырудың қаншалықты қажеті бар? 

Сондай-ақ мұсылмандар «пайғамбарлығы» жайлы көптеген ақпараттар таратып үлгерген Ванга, Нострадамус секілді «болжаушылардың» сөздеріне сенбеулері керек.
 
Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла 

____________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz
Annisa-today.ru

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: