52-белгі: Константинопольдің (Стамбулдың) қолға алынуы

52-белгі: Константинопольдің (Стамбулдың) қолға алынуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылмандар бұл шайқаста жеңіске жетіп, Константинопольға бет алып, оны соғыссыз өздеріне бағындырады. Олардың қарулары тәкбір («Аллаһу әкбар» деген сөз) мен тәһлил («Лә иләһә иллаллаһ» деген сөз) болады. 

Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Бір жағы теңізде, бір жағы құрлықта болған қала туралы естігенсіңдер ме?» – деген. Сонда (сахабалар): «Иә, уа, Аллаһ елшісі!» – дейді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Исхақтың ұлдарынан жетпіс мыңы оны (бағындыру үшін) соғыспайынша, Қиямет келмейді. Олар оның жанына келіп тоқтайды. Қарумен соғыспайды және садақпен атпайды.

«Лә иләһә иллаллаһ, уаллаһу әкбар!» дегенде, (қаланың) бір жағы құлайды. Сосын екінші рет «Лә иләһә иллаллаһ, уаллаһу әкбар!» дегенде, екінші жағы құлайды. Сосын «Лә иләһә иллаллаһ, уаллаһу әкбар!» дегенде, оларға жол ашылады. Сөйтіп, онда кіріп, олжа иемденеді. Олжаны бөлісіп жатқанда, «Дәжжал шықты!» деген айғай естіледі. Сонда олар барлық нәрсені тастап, артқа қайтады», – деген.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: