Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай "30 игі шара" бағдарламасы негізінде түрлі ауқымды істер жасалып, ел игілігі үшін пайдалануға берілуде.
Аталған бастама бойынша Жамбыл ауданы тізгінді қолға алып, өңірге қарасты ауылды мекендердегі белгіленген орындарға темір қоршау тұрғызды.
Аудан бас имамы Ғарифолла Әмірбектің қадағалауымен Өрнек, Ерназар ауылдарында - 3 мазарат, Айша бибі ауылында - 1, Аса ауылында - 1 мазаратқа қоршау жасалды.
Нақтылап айтар болсақ, қоршау қабірстан аумағын белгілеп тұру үшін, аумақтан жерленген орындардың асып кетпеуі үшін жасалды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі