Қасиетті Құрбан айт мейрамының 2-3 күндері бас имам Батырбек қажы Жақсымбетұлының ұйымдастыруымен игі іс жасалды.
Аудан емханасында ем алып жатқан, тағдыр сынағын бастарынан өткізіп жатқан адамдардың жанын сақтауға күн-түн демей қызмет жасап жүрген дәрігер жандардың еңбегі ерекше. Осы бір қиын сәтте ақ халатты абзал жандардың жұмысы еселей түскенін ескере отырып, дәрігерлерге құрбан етінен тағам жасалып, қымыз, дастархан әзірленді.
Түс мезгілінде жұмыс орындарына жеткізіліп, Алла Тағаладан сырқаттарына шипа тілеп, дұға жасалды.
Аудандық «Меркі ата» мешіті