Шу ауданы: Құрбан айт - құтты мереке

Шу ауданы: Құрбан айт - құтты мереке

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла разылығы үшін Құрбан шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын, ұлыстың ұлы мерейлі мереке қасиетті Құрбан айтта келіп жетті. Бұл мерекені әлем мұсылмандары тойлап, жер-жерде құрбан малдары шалынып, жағдайы төмен отбасылар мен туған туыстарының қуанышына ортақтасып, үлестірілуде.

Аталмыш шарадан Шу ауданының тұрғындары да қалыс болған жоқ. Айталық, арнайы тағайындалған қасапханаға Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы келіп, шалынғалы жатқан мал басында дұға жасап, бауыздалды. 876 қой және 8 ірі қара малы сойылып, 1510 отбасына таратылды. Еліміздегі карантинге байланысты құрбан малын шалу және оны тарату арнайы жасақталған мамандармен іске асты. Санитарлық талаптар қолға алынды.

Сонымен қатар, Шу аудандық Төле би мешітіне қарасты Ақтөбе ауылы, Жылғабек мешітінің молдасы Қоспанов Әбусейіт болса, ауыл жастарының демеушілігімен 250.000 тг көлемінде азық-түлік алынып, жағдайы төмен 8 отбасына үлестірді. Ұн, қант, макарон, сұйық май, шәй, картоп т.б азық-түлік түрлері.

                                                 Талғат Кәрібайұлы

                                  Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: