ХАЛЫҚҚА ҚҰРБАН АЙТ ЕСЕБІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ БРИФИНГТЕ АШЫҚ ЖОЛДАНДЫ

ХАЛЫҚҚА ҚҰРБАН АЙТ ЕСЕБІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ БРИФИНГТЕ АШЫҚ ЖОЛДАНДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Құрбан айт күндері жасалған қайырымдылық іс-шаралары туралы есепті Жамбыл облысының бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт пен Тараз қаласының бас имамы Садиев Амантай тікелей эфир арқылы брифингкте жариялады.

         Ұлық мерекеде 31 автокөлік пен 62 еріктілер жұмылдырылып, әлеуметтік жағдайы төмен қала тұрғындарына құрбандық еті таратылып, ерекше ықылас танытылды.

         Атап айтқанда, «Әулие ата» мешітінен 11 отбасына 5000 теңгелік азық-түлік пен 1 ірі қара, «Құлбай баба» мешітінен 20 000 теңгелік азық-түлік 40 отбасына, 1 ірі қара және балаларға сыйлықтар берілді.

         Мешіттер тарапынан 4 отбасына қаржылай, 119 отбасына азық-түлік пен  бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестіріліп, 1 417 862 теңге қаржы жұмсалды.

Жалпы Тараз қаласы бойынша 3 күнде барлық мешіттерден 14 ірі қара, 163 қой, 4 ешкі құрбан етіліп, Qurban2020 сайтына тіркелген мекен-жай бойынша 1402 отбасына жеткізілді.

         Төтенше жағдайға байланысты еріктілер тобы санитарлық талаптарды сақтай отырып аманатты тапсырды.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: