15 отбасыға 52 мыңның сертификаты берілді

15 отбасыға 52 мыңның сертификаты берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Тараз қаласы облыстық Һибатулла Тарази мешітінде көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты 15 отбасыға LC Wikiki дүкеніне 27 мың теңгенің және Abdi кеңсе тауарлары дүкеніне 25 мың теңгенің сертификаттары берілді.

Игі шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев пен мешіт қызметкерлері қатысты. Сертификат алған жанұялар осы қаражат көлемінде киім және кеңсе заттарын ала алады. «Тараздың ең танымал дүкендерінен жаңа қажеттіліктерін алатын балалар мәз болысып, қуанды» – дейді ата-аналар.

Карантин жағдайына байланысты жұмыс орындарының тоқтап, қаражатсыз қалған отбасылар үшін бұл үлкен көмек болған-ды.

 Мұқтаждың мұңын бөлісіп, қажеттілігін өтеу – пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) сүннеті. Оның сауабын Алла берсе, өзіңіз осы амалдан жүрекке ләззат аласыз. Ең бастысы жүзі нұрлана шаттыққа бөленген адамдарды көресіз. Сол көрністің өзі не тұрады!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: