Көршінің жағдайын ойлаған көршілер

Көршінің жағдайын ойлаған көршілер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осман мемлекетінің патшасы Фатих Сұлтан Мехмет бір күні тағамдардың сапасын және бағасын білу үшін киімін өзгертіп, базарға шығады. Бір дүкенге кіріп, сатушыға сәлем бергеннен кейін: “Маған жарты келі май, жарты келі бал, жарты келі ірімшік беріңіз” – дейді.

Сатушы жарты келі май өлшеп болғаннан кейін, ақшасын алып болғаннан кейін: “Аға, сұрағандарыңыздың қалғанын көршімнен алыңыз. Өйткені, оның заттары әрі жақсырақ, әрі көршім әлі ештеңе сатпады” – деді.

Патша екінші дүкенге кіріп, ол жерден жарты келі бал алып жатқанда: “Аллаға шүкір, аға! Мен бүгін саудамды бастадым, балаларымның жейтін тамағымның ақшасын таптым, ал көршім ештеңе сатқан жоқ, ірімшікті көршімнен барып алсаңыз дұрыс болар еді” – дейді. Сол кезде патша: “Бұл халық осындай тамаша ахлақтарымен дүние жүзін өзіне қаратады. Халықтың осы таза кісілік қасиетін бұзған адамға Алланың қаһары жаусын!” – деген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: