Жамандықтан бір жола тыйды

Жамандықтан бір жола тыйды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір кісі жаманшылық жасауды кәсіп етіп алса керек. Бір данышпан кісі оған көп уағыз айтып, жаманшылық жасаудан тыйылу қажет екенін айтады. Ал анау болса: “Мен жаманшылық жасамай жүре алмаймын, одан тыйылуым да мүмкін емес” – дейді.

Сонда данышпан: “Мен саған өмірбақи жаманшылықты тастап кет демей-ақ қояйын. Сен барынша өзіңді сабырлы ұстап отыз күн шыдап, жақсылық жасап, отыз-ақ күн жаманшылық жасамашы. Отыз күн біткен соң жаманшылығыңды жасай берерсің” – деген екен.

Ана кісі осы сөзге тоқтап, отыз күн жақсылық қана жасап, жаманшылықтан тыйылып шыдап баққан екен. Межелі отыз күн біткеннен кейін, отыз бірінші күні жаманшылық жасайын десе жасай алмай-ақ қойған екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: