Меркі ауданында діни кешенді жұмыстар жасалуда

Меркі ауданында діни кешенді жұмыстар жасалуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
  • Меркі ауданында кешенді профилактикалық жұмыстар бастау алды. 

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың төтенше жағдайдан кейінгі шаралар бойынша берген тапсырмаларына байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы және дін проблемаларын зерттеу орталығының мамандарынан арнайы жұмыс тобы жасақталып, әлеуметтік сала бойынша бекітілген іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес арнайы жұмыс жасалуда. 

Мерік ауданына ат артып келген арнайы жұмыс тобының құрамында Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров, Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы К.Жұмекеева, облыстық Һибатулла Тарази мешітінің найб имамы Б.Әмреев, басқарманың бас маманы Е.Әскенұлы, орталық инспекторлары А.Құлымбетов және Б.Құлназаров болды. Іс-шараға ауданға қарасты ауыл имамдары қатысты. 

Дін мамандары бас қосқан сүбелі жиында келілі сөздер айтылып, ауданның хал-ахуалы тілге тиек болды.

Жангелді Омаров өз сөзінде ынтымақ, тыныштық, мешіт тазалығы жайлы сөз қозғап, зерделеу жұмыстарын жасады. Имамдармен тілдесіп, ауылдағы мешіттердің жағдайын сұрады. 

Ал Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Бахтияр Амреев «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы бойынша мешіттің келушілеріне, әсіресе жастарға мұсылманның тұлға бойынан табылуы тиіс имандылық, бірлікке болысу, еңбекқорлық сияқты негізгі жеті көркем сипаттары тұрғысынан насихаттау қажеттілігін атап өтті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Меркі ата мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: