Бас имам қала аймағындағы ауыл мешіттерін аралады

Бас имам қала аймағындағы ауыл мешіттерін аралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Тараз шаһарының аймағындағы бірқатар мешіттерді аралады.

Қала маңындағы ауылдарға ат басын бұрған облыстың діни көшбасшысы Шөлдала, Құмшағал, Казарма алқабына арнайы барып діни хал-ахуалымен танысты. Сондай-ақ, құрылыс жасалып жатқан мешіттерге барып, ғимаратты тұрғызу жұмыстарының жоспарын қарады.

Мешіт құжаттары, жылу, діни кадрлары, жамағаты туралы толық мағұлмат атып, әр мешіттің жеке мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын қарастыруды қолға алды. 

Мешіт имамдарының пікірін, ұсыныстарын тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: