Сотталғандар дін мамандарымен онлайн кездесті

Сотталғандар дін мамандарымен онлайн кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Дін мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Түзеу орындарында да діни ахуалдың тұрақтылығы маңызды.

Осыған орай ЖД-158/7 мекемесінде арнайы білімді  мамандар жүйелі жұмыстар атқарып, жат ағымдардың алдын алу мақсатында бағыт-бағдар береді. Кітапхана қорындағы түрлі әдебиеттер сараланып, кереғар дүниелермен күресуге көп күш жұмсалуда. Сондай-ақ, Жамбыл облысы Дін істері жөніндегі басқармасы «Кеңес беру және оңалту» орталығының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады.

Бұрын соңды аптасына екі рет жергілікті мешіт имамдары мен  провославты шіркеудің дінбасылары келіп сотталғандармен тікелей бетпе-бет жүздесетін. Карантин кезінде атаулы іс-шараның барлығы да онлайн жүйеге көшірілді. Жоспарға сәйкес, кезекті рет  Жамбыл облысы Дін істері басқармасының теологы Алмас Құлымбетов пен ҚМДБ имамы, репсубликалық ақпараттық насихаттау тобының мүшесі Нұралы Бақытұлы ЖД-158/7 мекемесіндегі сотталғандармен «Skype» арқылы байланысқа шықты.

Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ара-жігін ажыратып берді. Өз кезегінде уахабия ағымының шығу тарихы, оның зияны мен зардаптары жайында және одан құтылудың жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.

Жазасын өтеушілер өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптарын алды.

Гаухар Рысбай

ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз хатшысы

б/т:87771088000

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: