Бас имам Жуалы ауданының діни ахуалымен танысып қатты

Бас имам Жуалы ауданының діни ахуалымен танысып қатты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Жуалы ауданына іс-сапармен келді. Сапар  басы аудан басшысы, Жуалы ауданының әкімі Ергебеков Нарбай Әбілқасымұлымен жүздесуден басталды. Қабылдауда Бейбіт Мырзагелдиев және Жуалы ауданының бас имамы Нұрлан Жұмакерімұлы, Һибатулла Тарази мешітінің іс басқарушысы Қожахметов Халид, Жуалы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Нарымбеков Марат, «Жаңа өмір» газетінің тілшісі Абылай Сәрсен болды.

Жуалы ауданының әкімі Нарбай Әбілқасымұлы жаңа тағайындалған бас имамды ыстық ықыласпен қарсы алып, қызметімен құттықтады, облысымыздағы атқаратын діни жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудан әкімі  аудандағы діни ахуал тұрақты екенін айтып, оң баға беріп, аудан имамына разылығын білдірді.

Аудан басшысы Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлынан Рысбек батыр ауылына қарасты Үрзада апа мешітінің  қайта ашылуына ықпал етуіне өтініш білдірді. Сонымен қатар өз тарапынан қандай да көмек беретінін жеткізді. Аудан басшысы тікелей ішкі саясат басшысына Үрзада апа мешітіне  тиісті қажеті құжаттарды дайындауды тапсырды.

Облыс имамы  аудан басшы ретінде қабылдағаныңызға  Алла разы болсын дей келе, алда атқаратын жұмыс көп екенін, ҚМДБ-ның "Жеті рухани қазық" және ҚМДБ-ның 30-жыл  толуына орай іс-шаралар жоспары, бағыттар аясында әр ауданда жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар имам: "Жуалы ауданына  келгендегі іс-сапарым, аудандағы діни ахуал және мешіттердің жай-күйі, ауыл  имамдарымен  жиналыс жасап, жеке-жеке сұхбаттасып, қажеттілігін білу болатын. Аталмыш ашылуын өтініп отырған  Үрзада апа мешітінің жай-күйімен жақсы таныспын. Алдағы уақытта мешіттің ашылуына ықпал көмегімізді тигіземіз," - деп айтып өтті.

 Аудан әкімі  облыс бас имамына арнайы ат басын бұрып, киелі Б.Момышұлы кіндік қаны тамған  өлкеге келгеніне ризашылығын білдірді.

Еліміздің амандығы үшін, іргеміз мықты болу үшін, Отанымыздың тұрақты болуы үшін, еліміздің амандығы үшін бата сұрады.

Бұдан әрі іс-сапарын облыс имамы орталық аудандық Толымбай тегі Зиябек мешітінің жай-күйімен танысып, арнайы ауыл имам-молдалармен жиналысы болды. Әуелі жиналыс басында аудан имамы Амирбаев Нұрлан облысымыздың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлын жиналысқа келген имам молдалармен  таныстырды. Сөз алған облысымыздың дін басшысы  көп жылдан бері дін саласында қызметте екенін айта келе, арнайы сіздермен жиналысымыз сұхбат ретінде және өздеріңіздің тілек ұсыныстарыңыз болса, қажеттіліктеріңіз болса, талаптарыңыз болса шешімін тапай жүрген мәселелер бар болса, тікелей тыңдайын тікелей  кездесейін деп кішіпейілділік таныттып сөз бастады.  Бұдан әрі облыс имамы Жуалы ауданындағы  әрбір ауыл имамынан ауылдың мешітінің хал-жағдайы, ішкі-сыртқы тазалығы, имамдардың еңбек өтілі және шәкірттер мәселесін көтерді. Әр имамға діни оқу орнына шәкірттерді жіберуді ескертті.

Биыл ауданда үш мешіт соғу жоспарлануда. Осы аталмыш ауыл имамдарына мешіт құрылысы басында  болуды  тапсырды және аудандағы тоғыз имамға жалақы тағайындалғандығы  және алдағы уақытта ауыл имамдарын толықтай жалақымен қамтамасыз ететіндігін жеткізді. Сөз соңында көп жылдан бері дін қызметтерін атқарып келген сексенге таяған қария Кемелов Әлжапар облыс имамына алғысын білдіріп, батасын берді.

Жиналыстан шықан соң облыс имамы Бейбіт Мырзагелдиев жаңа соғылған Қайрат  мешітіне арнайы ат басын бұрып, тыныс-тіршілігімен танысып, сапалы соғылғандығына дән ризашылығын білдірді.

Қайрат мешітінен кейін  облыс имамы Жуалы өңірінде алғашқы бой көтерген  Жуалы мешітіне сапарын жалғастыра  отырып, халықтың күшімен соғылған мешіттің жай-күйімен танысып, құрылысын өз көзімен көріп, барынша сапалы және қаржыны тиімді пайдалануын, бекітілген алқа мүшелерімен қаржылай ашықтықты және халыққа есеп беруді ескертті.

«Жуалы» мешітінен кейінгі сапарда облыс имамы  биылғы жоспарда тұрған  Т. Дүйсебай ауылына ат басын тіреді. Ауыл тұрғындары және қариялармен кездесіп, алдағы бой көтеретін  мешіттің  жер телімін көріп, арнайы қор мешіт соғуға қаржы бөлінетін шешімін  ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. Қуанышқа бөленген ауыл халқы мешіт құрылыс қазығын өзіңіз қағыңыз деп, қазығын қағып  облыс имамына арнайы келгендігі үшін алғыстарын білдіріп, қуанышқа бөленген көпшілік бата сұрап «аумин» деді. Имам  ауыл халқына Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айта отырып, елге тыныштық, ынтымақ, бірлік, татулықтың мекені болуын, мешіттің іші жамағатқа толып, осы мекеннен хафиз, ғұлама  шығуын тілеп батасын берді.

 Жуалы аудандық Толымбай тегі Зиятбек

мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: