Шу ауданында дін саласына қатысты кешенді жұмыстар басталды

Шу ауданында дін саласына қатысты кешенді жұмыстар басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың төтенше жағдайдан кейінгі шаралар бойынша берген тапсырмаларына байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы және дін проблемаларын зерттеу орталығының мамандарынан арнайы жұмыс тобы жасақталып, әлеуметтік сала бойынша бекітілген іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес Шу ауданында кекшенді профилактикалық жұмыстар бастау алды.

Жұмыс тобының құрамына  Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы  Ж.Омаров, Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы К.Жұмекеева, облыстық Һибатулла Тарази мешітінің найб имамдары Ғ.Жапек, Б.Әмреев, басқарманың бас маманы Е.Әскенұлы, орталық инспекторлары А.Құлымбетов және Б.Құлназаров енді.

Кешенді шаралар барысында 2020 жылдың 3 маусым күні Шу аудандық Төле би мешітінде өңірге қарасты имам-молдалармен кездесу өтті.

Қатысушылардың толғандырған сауалдарына мамандар тарапынан жауаптар берілді. Аталмыш шара барысында Шу өңіріндегі жалпы саны 30-ға жуық имам-молдалар қамтылып, шараға аудандық маслихат хатшысы Е.Өмірәлиев қатысып, өз алдына пікірін білдірді.

Сондай ақ, басқарма  және орталықтың дінтанушы мамандары аудан имам-молдаларына мемлекетіміздің тұрақтылығы үшін және халқымыздың ауызбіршілігі үшін дін саласындағы заңнама талаптарын сақтау аса маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, облыстық Һибатулла Тарази мешітінің найб имамы Ғ.Жапек  «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы бойынша мешіттің келушілеріне, әсіресе жастарға мұсылманның тұлға бойынан табылуы тиіс имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану сияқты негізгі жеті көркем сипаттары тұрғысынан насихаттау қажеттілігін атап өтті.

 Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: