Тараз: Дін мамандары үшемге азан шақырып, есімін қойды

Тараз: Дін мамандары үшемге азан шақырып, есімін қойды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында жас ана үшемді дүниеге әкелді. Мұндай күнде қайталана бермейтін ерекше қуанышқа ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев пен Һибатулла Тарази медресесінің директоры Қанат Жұмағұл арнайы барып қайтты. 

Бірден үш ұлды болған жанұяның бұл бірінші рет сәби сүюлері екен. Қуаныштан бал-бұл жанған жанұя бұл сәтті ерекше атап өткілері келген. Немерелі болдық деп жадырай түскен қос қария дін мамандарын жайдары қарсы алып, ас ұсынды. 

Сәбидің құлағына алғашқы естілетін сөз Алланың есімі болуы үшін әрі сәби имандылыққа жақын болсын деген мақсатта оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтуы шариғат салты.

Осы бір дәстүрмен Бейбіт Әліпбекұлы мен Қанат Әділханұлы шақалақтардың құлағына азан шақырып, Нұрислам, Нұриман, Нариман атты есімдер берді. Имамдар балапандарды өскенде иманды, еліне қалаулы азамат, Алланың сүйікті құлы болсын деп баталарын берді. 

Ал үшемнің ата-анасы имамдарға шапан жауып, ілтипат білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: