Байзақ ауданының имамдарымен жиналыс жасалды

Байзақ ауданының имамдарымен жиналыс жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Байзақ ауданының имам молдаларымен жүздесіп сұхбаттасты. Имамдармен кездесуге Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қатысты.

Жиында сөз алған облыс имамы: "Бүгін сіздермен кездесу үшін арнайы ауданға келдім. Сіздердің әрбір атқарып жатқан қызметтеріңіз Алла алдында  еленері хақ. Жылдың басы ерекше болып басталды. Яғни айлардың сұлтаны Рамазан айында сіздер көп еңбек еттіңіздер. Карантин режимін сақтау мақсатында халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып жұртшылыққа мейрімділікті де көрсете білдіңіздер. Сіздер карантин кезде жағдайы төмен, тұрмысы нашар, жетім-жесірлерге қамқор бола білдіңіздер, сол себепті сіздерге алғысымды білдіремін, - деді.

Облыс бас имамы имамдармен кездесуден Базарбай ауылында соғылып жатқан мешіттің құрлысымен танысып, аудан бас имамына нақты тапсырмалар берді.

Байзақ баба мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: