Жамбыл облысының бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы Байзақ ауданына іс–сапарымен келді. Сапар аясында Байзақ ауданының әкімі Нұржігітов Нұржан Модиярұлымен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі Нұржан Модиярұлы Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевке арнайы алғысын білдіре отырып, аудандағы діни ахуалды баяндады.
Аудан әкімі сөзінде: "Аудан бойынша діни ахуал тұрақты. Карантин кезінде аудан бас имамымен бірлесіп жұмыстар атқардық. Соның нәтижесінде тікелей Рамиз қажының ұйытқы болуымен 1880 отбасыға азық-түлік және ет салынған пакеттер таратылды" - деп атап өтті.
Облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев: "Құрметті Нұржан Модиярұлы сізге мен өз ризашылығымды білдіріп, ислам дінінің ары қарай дамуына өркендеуіне үлкен бір себеп болатынызға сенім білдіремін. Ары қарай сізбен бірлесіп жұмыс атқаруға әрқашан дайынбыз" - деп жылы лебізін білдірді.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі