Аудан имамдарымен кезекті онлайн жиналыс өтті

Аудан имамдарымен кезекті онлайн жиналыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен елордадағы кезекті онлайн Төралқа мәжілісінен соң облыстық Һибатулла Тарази мешітінде аудан имамдарымен жедел онлайн жиналыс өтті.

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Төралқада көтерілген мәселелерді өңірдегі дін мамандарына жеткізіп, нақты тапсырмалар берді. Мешіттердің 5 уақыт намазда ашылуына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін халыққа насихаттау шегелеп тапсырылды.

Жиында халықтың сұранысы мен өтінішіне орай қажетті өңірлерде мешіт салу, мешіттерде санитарлық талаптарды сақтау, құлшылық үйлеріне кезекті дезинфекция шараларын жүргізу, т.б. мәселелер талқыланды.

Мешітті салу кезінде мүфтият тарапынан бекітілген арнайы тәртіп ережесін сақтауға, құлшылық үйлерінің құжатын өз уақытында рәсімдеуге назар аударылды.

Онлайн жиында аудан имамдары өңірдегі діни ахуал мен намаздың жүргізілу барысын тәкпіштеп баяндады.

Өйткені, құлшылық үйлерінің ашылуы қуантарлық жағдай болғанымен, вирус жұқтыру мүмкіндігі әлі де түгесілмей тұр. Мешітке келуші жамағатқа құлақдар етіп тағы да атап өтейік.

Мешітке келгенде санитарлық тазалық шараларын қатаң сақтауларыңызды, бетперде киіп келу, өз жайнамазыңызды ала келу, қолды жиі жуу, мешітте 15 минуттан астам уақыт отырмау, 1 - 1,5 метр арақашықтықты сақауды сұраймыз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: