Бас имам Қордай ауданында іс-сапарда болды

Бас имам Қордай ауданында іс-сапарда болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің сапары Қордай ауданынан жалғасын тапты. Бас имам Қордай ауылында газ құбырларын тарту шарасына қатысты. Газ құбырлары ауданға қарасты болған Масаншы, Сортөбе, Қаракемер және Ауқатты ауылдарына қыркүйек айына дейін тарту жоспарлануда. Шараға аудан әкімі Р. Дәулет қатысып, алғашқы сөз сөйледі.

Аудан әкімі өз сөзінде басталмақ болған іске сәттілік тіледі. Сөз алған облысымыздың бас имамы Б. Мырзагелдиев: "Алланың атымен басталған істе береке болатынын, көгілдір отын қаншама отбасыға жылу мен қуаныш алып келетіндігін, Алла разы болатын іс екендігін және істің сәтті аяқталуын тілеймін" - деп сөзін аяқтады.

Шара соңында құран аяттары оқылып, дұға тілеп, құрбан шалумен аяқталды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: