Тұрғындарға айттық таратылды

Тұрғындарға айттық таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыға күткен рамазан айымен қимай қоштасар сәт бұл! 30 күн оразадан соң ұлтты ұйыстырар Ораза айт мерекесі аталып өтілмек. Осыған орай, "Молда Мұхаммеджан" мешіті мен "Мұқтаждар" атаулы тобы бірлесіп қайырымдылық шарасын өткізді.

Мешіт имамы, Һибатулла Тарази медресесінің директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы бастап 12 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді.

Айттық ретінде мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлестірілген қаражаттың жалпы соммасы 150000 теңгені құрады.

Тараз шаһарының тұрғындары бұл жәрдемге қуанып, шынайы алғыстарын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: