Неге ораза ұстамайсың?..

Неге ораза ұстамайсың?..

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кейінгі кездері қасиетті Рамазан кезінде адамдардың, әсіресе жастардың арасында «Сен неге ораза ұстамайсың?» деген сауал кеңінен тарағанын байқадым. Аллаға шүкір, ауыз бекітетін жастарымыз баршылық, алайда ұстамайтындары да аз емес. Енді қараңыз аталмыш сауалға берілетін жауаптарды саралап көрейік. Жасы он сегіз-он тоғыздар шамасындағы жас қыздың айтқаны: «Маған ораза ұстауға болмайды, менде гастрит». Жиырма үш жастағы жігіттің айтатыны: «Менің жұмысым ауыр, мен оразаға шыдай алмаймын. Мен жиі тамақ ішуім керек».

Жиырма бес жастағы қыз: «Маған дәрігер ораза ұстама деді, өйткені менің басымның сақинасы бар». Енді бір қыз: «Маған да болмайды, өйткені менің көзім ауырады, көзіме жиі дәрі тамызуым керек». Енді бір жігіт: «Менің қан қысымым көтеріліп кетеді, сол себепті ораза ұстауға маған мүлде болмайды». Енді біреудің бауыры, енді біреудің бүйрегі, енді біреудің өкпесі ауырады екен. СубханАлла. Осы адамдардың айтқанын естіп, дүниеде дені сау адам баласы қалмаған ба деп ойап қаламын. Бір қызығы, бүйрегі, бауыры ауыратын, қан қысымы жоғары не болмаса басының сақинасы бар жандардың Рамазанға дейін және Рамазаннан кейін сыра, арақ-шарап ішіп жүргендерін көріп: «Әй, баурым, сенің қан қысымың не болды?» немесе «Ішкен арағыңнан бүйрегің езіліп, бауырың тесіліп қалмасын, байқа!» дегеннен басқа айтарың қалмайды. Өткенде екі балдаққа сүйенген бір жас жігітті көрдім, қасында бірнеше дос-жарандары бар екен.

Шыжыған ыстық болуы себепті бәрінің қолында бір-бір бөтелке су, бір нәрсені айтып мәз. Тек балдақ ұстанған жігіт қан үнсіз әрі қолында сусыны болмады. Кейін білдім әлгі балдаққа сүйенген бауырымның он екі мүшесі ғана емес, сондай-ақ, ішкі ағзасының бәрі сау емес, тек екі өкпесі ғана сау болып шықты. Алайда дәл сол бауырымның, Алла разылығы үшін, аузы берік екен. «Сау бастарын аурумыз, дертіміз бар, бізге ораза ұстауға болмайды» деп ұшан-теңіз сылтау айтатын жандар осы жігіттің жағдайын білсе етті, оның дертінің қасында олардың сылтауы сылтау болмай қалар еді...

Ақерке Сыдықова 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: