Қадір түні періштелерді көруге бола ма?

Қадір түні періштелерді көруге бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранда былай айтылған: «Періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі» (97:4). Аталмыш аяттан түсінгеніміздей, бұл түні періштелер, соның ішінде Жәбірейіл де (ғ.с.) жер бетіне түседі. Алайда мүміндер періштелердің болмысы адам баласының болмысынан өзге екенін, демек оларды көзбен көру мүмкін еместігін естен шығармауы керек. Алланың жаратқан пендесі үшін қасиетті Рамазан айының соңғы күндерін лайықты түрде құлшылық жасаумен өткізу маңызды болуы тиіс. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім Қадір түнін тек Алла Тағаладан сауап алу үшін өткізсе, оның күнәлары жарылқанатын болады» (Бұхари, Қадір, 1; Мүслим, Мұсафирин, 175).

Құран-Кәрімде тағы да былай айтылған:«Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз. Ол кеште барлық хикметті істер айрылады. Бұл өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз»(44:3-5).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: